05
апрель
2021
Білім беру платформаларын химия, биология, география сабағында қолдану
«Шалкөде орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 31.03.2021 жылғы «Жетекші және серіктес» мектептер арасында өтілген вебинары туралы
А Н Ы Қ Т А М А
А Н Ы Қ Т А М А
Жетекші және серіктес мектептердің 2020-2021 оқу жылындағы жылдық жұмыс жоспары бойынша, «Білім беру платформаларын химия, биология, география сабағында қолдану» тақырыбында А.А.Барманбекұлы, Т.Мұсақұлов, Шалкөде орта мектептеріне вебинар қойылған.
31 наурыз күні сағат 12-00-де Меруерт Мукаметжанованың ұйымдастыруымен аталған тақырыпта география пәні мұғалімі-Г.Асқарбекова мен химия-биология пәні мұғалімі –А.Бөбекбай өз жұмыстарын қорғады.
Райымбек аудандық білім бөлімінен жетекші маман –Мираш Қожамолдаева, әдіскер Асель Бақтыбаевна, жетекші және серіктес мектептерден 47-мұғалім қатысты.
Вебинар соңында Райымбек аудандық білім бөлімінен жетекші маман –Мираш Қожамолдаева, әдіскер - Асель Бақтыбаевна вебинар туралы өз пікірлерін білдірсе, әріптестер чатқа өз пікірлерін білдіріп, кері байланыс беріп кетті.
Мектеп директоры Р.Оралова